Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді

Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді

Арал ауданы бойынша 2022 жылы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында сынамалар сатып алынатын субъектілердің (объектілердің) жоспар кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 43-бабын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 29.10.2015ж №375-V ҚР Заңының 141-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Кеден Одағының Техникалық регалментеріне Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы №217 "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы қаулысына сәйкестігін бақылау мақсатында сынамаларды санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін 14 нысаннан, 198 сынамалар сатып алынды, оның 150 сынамасы тағам өнімдері, ал 48 сынама тағам емес өнімдер алынды.198 сынаманың 42 сынама отандық өнімдер, 134 сынамасы ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімдері, ал 22 басқа елдердің өнімдері. 198 сынамалар сатып алынып, 6-нысаннан 8 сәйкессіздік анықталып, 6 нысан басшылары-жеке кәсіпкерлерге ұйғарымдар беріліп, нәтижесінде сәйкес болмаған өнімдерді сату айналымынан алып тастап, сәйкестігіне ілеспе құжаттары алынды. 8 сәйкес болмаған өнімнің 1-уі отандық өнім, 6-уы ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімдері, 1-уі басқа елдердің өнімдері.
Комитеттен сынамаларды сатып алу жоспары дайын болмағандықтан 2023 жылға мемлекеттік сатып алу жұмыстары әзір жүргізілген жоқ. 
Гүлжанат Сақтаганова
10 сәуір 2023 ж. 323 0