Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Арал ауданы бойынша 2022 жылдың 11 айында өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында сынамалар сатып алынатын субъектілердің (объектілердің) жоспар кестесіне сәйкес Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімі, оның ішінде таңбалануы туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 024/2011 «Май өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 023/2011 «Көкөністер, жеміс-жидектерден өндірілетін шырындардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 015/2011 «Дәнді-дақылдардың қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне,Кеден Одағының 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 008/2011 «Балалар ойыншығының қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдер қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 029/2011 «Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі» техникалық регламенетіне, Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген 2013 жылдың 15 қаңтардағы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірегей санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға», Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы №217 "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы қаулысына сәйкестігін бағалау мақсатында сынамаларды санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін 13 нысаннан, 186 сынамалар сатып алынып, 3-нысаннан 4 сәйкессіздік анықталып, 3 нысан басшылары-жеке кәсіпкерлерге ұйғарымдар беріліп, нәтижесінде сәйкес болмаған өнімдерді сату айналымынан алып тастап, сәйкестігіне ілеспе құжаттары алынды. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер төмендегідей :
«Қожа» азық-түлік дүкенінен зерттеуге алынған:
1.Глазирленген «Шоколапки» кәмпиті таңбалану бойынша сәйкес келмейді: қаптамада өндіруші мекеменің аты меклекеттік тілде көрсетілмеген (хаттама №2/2220001020022790, 02.02.2022ж)
«Береке» азық-түлік дүкенінен зерттеуге алынған:
1.Ішуге арналған ультрапастерленген 6,0%, «БУРНЕНСКИЙ» сүті
микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді: ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды(хаттама №2220002000041377/7, 16.02.2022ж),Физикадық-химиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді: майдың массалық үлесі 3,4 пайыз көрсетті, норма бойынша 6 пайыздан аспауы тиіс (протокол№11/2220001020041378, 15.02.2022г).
2.Тесс Цейлон чайы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес
келмейді: ҚҚБ/см3 артық мөлшерінде зең табылды, нормасында КОЕ/10м3 артық болмауы тиіс (хаттама № 2220002000041396/15, 16.02.2022ж)
«Тоқбай» азық-түлік дүкенінен зерттеуге алынған
1.Сарафан Chaton Dor таңбалану бойынша сәйкес келмейді: (хаттама № 401/2220001060585627 31.08.2022ж) Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, яғни өндірушінің орналасқан жері, дайындалған күні, бірінғай белгісі жоқ.

"Алтын" супермаркетінен зерттеуге алынған
1. «Дарида»газдалған суы таңбалану бойынша сәйкес келмейді: Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, (хаттама № №2220001010708966/8 18.10.2022ж) .

"Акирек" азық-түлік дүкенінен зерттеуге алынған

1.Курель Крыло цыплят-бройлеров замороженная таңбалану бойынша сәйкес келмейді: Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, (хаттама (№82/2220001020822845 21.11.2022ж) .
2.Продукт молочносывороточ ный с заменителем молочного жира сгушенный с сахаром таңбалану бойынша сәйкес келмейді: Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, (хаттама (№188, 22.11.2022ж ) .

2022жылы 11 айында :
1.Бактериологиялық зертханасына -39 тағам сынамалары жоспарланып, 11 айда -77 сынама алынды.
2. Санитариялық химиялық зертханасына тағам гигиенасы бөліміне -76 тағам сынамалары жоспарланып, 11 айда -97 сынама алынды.
3. Коммуналдық гигиена бөлімшесіне -7 су сынамалары жоспарланып, 11 айда -10 сынама алынды.

А. Разақова,
Арал аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы 
08 желтоқсан 2022 ж. 413 0