Қысқы дөңгелек ауыстырмаған жүргізушілерге 1 желтоқсаннан бастап айыппұл салынады

Көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.
kyzylorda-news.kz/kogam«1-ші желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-«Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабының, 5-«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» бөлігіне сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеміз», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.