Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Емханаларға тіркелу науқанының қорытындысы

Емханаларға тіркелу науқанының қорытындысы

Спикер: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымындарын еркін таңдау науқаны жүргізілді. Дәстүрлі акцияда аймақтын 8 716 тұрғыны медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланды. Олардың көпшілігі, 6 696 адам тікелей емханада өтініш беру арқылы тіркелді, қалған 2 020 азамат egov.kz. портал арқылы электрондық әдісті таңдады.
Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі – 6 472 адам жеке клиникаларда тіркелді, қалған 2 244 адам мемлекеттік емханаларды таңдады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы емханаларға тіркеу науқанының қорытындысы бойынша, өңірдің 10 277 тұрғыны БМСҚ ұйымын еркін тандау қызметін пайдаланды, оның 9 839 адам жеке клиникаларға тіркелді.
Жыл сайынғы акцияға облыс бойынша 27 емхана қатысты, оның 14-і жекеменшік, 13-і мемлекеттік. Науқан денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге өтініш білдірген медициналық ұйымдар арасында ғана өткізілетінін атап өткім келеді. Толық ақпаратты Қордың www.fms.kz сайтында «Клиника таңдау» бөлімінде білуге болады.
Денсаулық сақтау ұйымына тіркелу медициналық көмектің ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің толық көлемін алудың қажетті шарты болып табылады. Үйде медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын жерде тіркелгеніңіз жөн.
Тіркеу науқаны - емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Бұл рәсімді жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады. Сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшкен болса немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхананы ауыстыруға құқылы.
Сондай - ақ, егер БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қызмет көрсету аймақтан тыс жерде тұратын азаматқа бұл емханаға тіркелуге бас тартылуы мүмккін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жергілікті дәрігердің аймағында 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
Жыл сайынғы науқанын өткізуге бақылау мен жауапкершілік аумақтық Денсаулық сақтау басқармаларына жүктелгендігін атап өткен жөн, егер медициналық ұйымның өзі азаматтардың көңілдерінен шығатындай етіп жауап бере алмаған және шешім шығара алмаған жағдайда, тіркелушілер көкейлеріндегі сұрақтарын, шағымдары мен ұсыныстарын аумақтық Денсаулық сақтау басқармаларына жолдауға болады.
Естеріңізге сала кетейін, электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық - санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.
Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.
Айта кету керек, алғашқы медициналық - санитариялық көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы және «Колдау 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

14 желтоқсан 2023 ж. 166 0