Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қарашада емханаларға тіркелу науқаны аяқталады

15 қарашада емханаларға тіркелу науқаны аяқталады

15 қарашада бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау науқаны аяқталады. Жыл сайынғы акцияның басталуымен, 15 қыркүйектен бастап, емханаларға аймақтын 14 мыңға жуық тұрғыны тіркелген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Қор филиалы директорының ақпараты бойынша, науқанға аймактың 25 емханасы қатысуда, оның 14 - і мемлекеттік, 11-і жеке меншік. Ағымдағы жылдың 28 қазандағы мәлімет бойынша 13 915 адам өз таңдауын жасады. Олардың көпшілігі, 9 630 адам, мемлекеттік емханаларда, қалған 4 285 азамат жеке клиникаларда тіркелді. 2021 жылы, науқан кезінде БМСК ұйымдарына өңірдің 14 мыңнан астам тұрғыны тіркелген, оның 12,5 мыңы мемлекеттік емханаларды тандаған.
 «Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді. БМСК ұйымына тіркелген пациент жергілікті дәрігердің қабылдауы, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, скринингтік тексерулер, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер сынды медициналық көмек пен емдеуге жатқызуға жолдама алады. Тұрғын МӘМС жүйесінде  сақтандырылу мәртебесі болмаса да емханаға тіркелудің еркін таңдауын пайдаланғанымен, әрі қарай толыққанды жоспарлы медициналық көмектер алу үшін сақтандырлуы тиіс», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Тіркелуге болатын барлық емханалардың тізімін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz/kz/ сайтынан «Клиниканы таңдау» бөлімінде алуға болады.
Науқан кезінде бастапқы медициналық - санитариялық көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұрын тіркелген БМСК ұйымынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Анықтама үшін. Таңдалған емханаға тіркелудің екі жолы бар.
Бірінші әдіс, бұл барлық азаматарға арналған. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама беріледі.
Екінші әдіс
бұл, халықтың жекелеген санаттарына арналған.
Олар емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады. Атап айтар болсақ, олар зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, колонияда жазасын өтеушілер, студенттер, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша бекітуді рәсімдейтіндер.
01 қараша 2022 ж. 375 0