ХҚКО қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.
Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, биылғы жылдың бүгінгі күнге дейін көрсеткіші алғашқы жеке куәлік облыс бойынша – 26 мыңға жуық, Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.
«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді филиал директоры Аида Ибрагимқызы.
Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар өз ризашылықтарын білдірді. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызмет алушылар да құттықтады.

коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша
филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімі