Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктер 19-21 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтар атап өткендей, аязды ауа райы аяқталуға жақын. Қазақстан аумағына Гольфстриммен жылытатын Солтүстік Атлантикалық тектес ауа массалары енеді, соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

«Келесі Солтүстік Атлантикалық циклонға байланысты ауа райы бұзылады, бұрқасынмен бірге қар жауады, алдымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 21 желтоқсанда күндіз солтүстігінде және орталығында қар жауады, арты жаңбырға ауысады. Ал күндізгі термометрлер бірте-бірте 2 градус аязға дейін көтеріледі», делінген хабарламада.

(Сурет ашық дереккөзден) 
19 желтоқсан 2023 ж. 252 0