Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

Елімізде оқушылар екінші тоқсанды 29 желтоқсан күні қорытындылады. Қысқы демалыс 8 қаңтарда аяқталып, оқушылар білім ұясына оралады. Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларына қыста тағы бір қосымша демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сынып оқушылары қыс мезгілінде екі рет демалады. Олар үшін қыстағы қосымша демалыс күндері 5 - 11 ақпан аралығына жоспарланған. Яғни, бүлдіршіндер ІІІ тоқсанда тағы 7 күн каникулда болады.

Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.

Ал үшінші тоқсан 10 оқу аптасын құрайды. Көктемгі каникул 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Биыл соңғы қоңырау қалыптасқан дәстүрге сай 25 мамыр күні соғылады.

Фото: egemen.kz
05 қаңтар 2024 ж. 181 0