Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы Қ-ның жауапкер Ж-дан алимент өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында жауапкер Ж. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді сұраған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы медиативтік келісім жасасқан.
Медиативтік келісімнің шарты бойынша жауапкер талап қоюшыға 21-жасқа толғанғанға дейін ай сайын 50 000 теңгеден алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық соты