Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Азаматтық процестік кодексіндегі жаңашылдықтарға сәйкес, судья талап арызды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Осыған орай, татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 21-жасқа толғанғанға дейін ай сайын 30 000 теңгеден алимент төлеп тұруға міндеттенсе, талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі