Азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

Талап қоюшы А. талабында, өзінің «Өркениет» медицина колледжінің күндізгі бөлімінде оқитынын көрсетіп, жауапкерден 21 жасқа толғанға дейін ай сайын 30 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келген. Келісімнің шарттары бойынша, талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартады, ал жауапкер болса талап қоюшыға 21-жасқа толғанша ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі