Медиация – тиімді шешім

Талап қоюшы талабында, Жезқазған қаласындағы медициналық колледжінде оқитынын көрсетіп, әкесінен өзі 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді сұраған.
Азаматтық процестік заңнамаға сәйкес, судья талап арызды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Осыған орай, татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенсе, талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі