Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді.Талап қоюшы талабында жауапкер Д. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.