Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ұйғарымымен дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Сот ұйғарымымен дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында судья С.Бертайдың төрағалық етуімен қаралған талап қоюшы Г-ның жауапкер М-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық зиянды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді.Іс құжаттарына сәйкес, 21 мамыр 2020 жылы жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алған.
Жауапкер М. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, талап қоюшының автокөлігіне соқтығысқан. Осының негізінде талап қоюшы Г. жауапкерден автокөлікке келтірілген материалдық залал 1 305 034 теңге өндіруді сұраған.
Істі негізінен қарау барысында, тараптардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген. Партисипативтік келісімнің шарты бойынша, жауапкер келтірілген материалдық зиянды келісімде көзделген мерзімдерде төлеп құтылуға міндеттенген, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Партисипативтік келісімге екі тараптың қорғаушылары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
15 наурыз 2021 ж. 440 0