Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер дауы партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды

Жер дауы партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды


Арал аудандық сотында талап қоюшы М. мен жауапкер Ж. арасындағы жер дауы партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды.
Талап қоюшы М. талап арызында, өзіне тиесілі жерді жауапкердің заңсыз темір қоршаумен қоршап алғанын көрсетіп, соттан аталмыш жерді босаттырып беруді сұраған.
Істі негізінен қарау барысында, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер Ж. талапты мойындап, талап қоюшының жеріндегі қоршауларын алып, жерді босатып беруге міндеттенген, ал талап қоюшы осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Партисипативтік келісімге екі тараптың адвокаттары Р.Измаханов пен А.Елеуов қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2019 ж. 1 191 0