Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер С-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы Ж. жауапкер С-дан 292 000 теңге өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.
Алайда, істі негізінен қарау барысында, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, тараптар өзара келісіп, жауапкер берешек қарызын келісімде көзделген мерзімдерде төлеп құтылуға міндеттенген.
Партисипативтік келісімге талап қоюшының адвокаты мен жауапкердің сенімді өкілі қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
03 қараша 2020 ж. 688 0