Ортақ мүлікті бөлу туралы дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Істі негізінен қарау барысында, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, тараптар тұрғын үйді қайта жобалауға қатысты қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы тұрғын үйді заттай бөліп тұруға, қажетті құрылыс шығындарын өзара тең үлеспен өтеуге келіскен.
Партисипативтік келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі