Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ортақ мүлікті бөлу туралы дау татуласу келісімімен реттелді

Ортақ мүлікті бөлу туралы дау татуласу келісімімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Д-ның жауапкер Н-ға ортақ мүлікті бөлу туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы арызында жауапкер Н-мен араларындағы некенің бұзылғанын, заңды некеде болған кезде жауапкердің атағында үй және автокөлік тіркелгенін көрсеткен. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың меншігінде малдары болған. Талап қоюшы ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліп, тең дәрежеде өз үлесін анықтап беруді сұраған.
Сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілген. Соттың бұл еңбегі зая кеткен жоқ.
Сот отырысында тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға қолма қол 2 500 000 теңге беріп, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен аталған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасақталған татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
15 мамыр 2020 ж. 610 0