Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық саласындағы өзгерістер түсіндірілді

Салық саласындағы өзгерістер түсіндірілді

Қазіргі таңда жалпыға бірдей декларациялау күн тәртібіндегі өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер декларациялаудың 2-кезеңі бойынша тапсырған болса, биылғы жылы 3-кезең бойынша жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тапсыратын болады.Осыған байланысты аудан халықына түсіндірме жұмыстарын жүргізу және салық саласындағы өзгерістерді жеткізу үшін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басқарма басшысы Г.Қарымсақова арнайы жұмыс сапарымен келді.Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін енгізу шеңберінде алдымен З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті. – Әрбір қазақстандық азамат кезең-кезеңімен декларация тапсыратын болады. Өткен жылы мемлекеттік мекеме қызметкерлері тапсырған болса биыл кәсіпкерлер өздерінің шелелдерді бағалы дүниесі бар жоқтығын растап, декларация тапсыратын болады. Ескеретіні белгіленген уақыт ішінде тапсырмайтын болсаңыздар бірінші ескерту беріледі. Қайталанған жағдайда айыппұл салу енгізілген, - деді Арал ауданы бойынша мемлекттік кірістер басқармасы басшысы Еркебұлан Өмірсерікұлы.
Семинарда декларацияны қалай тапсыру керектігі және онда қандай мәліметтер қамтылатыны жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен бірге мобилді аударымдар төңірегінде қойылған сұрақтарға мамандар жауап беріп, ақпараттар ортаға салынды. Өз кезегінде семинарға қатысушы кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлерінің сауалдарына мамандар толыққанды жауап беріп, жан-жақты түсіндіріп берді.
Түсіндірме жұмыстары онан әрі аудандық аурухананың мәжіліс залында медицина саласының мамандарымен өткізілді. Басқосуда өткен жылы декларацияның 2 кезеңінде 250 бойынша тапсырған мемлекеттік мекеме қызметкерлері биылғы жылы 270 бойынша тапсыру керектігі және онда қандай мәліметтер көрсетілетіні туралы айтылды. Сондай-ақ маңызды тақырып бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары Жақсықылыш пен Сексеуіл кенті тұрғындарына да берілді. Сала мамандары бұл өңірлерде де болып, халықпен кездесу өткізді.
«Толқын» ақпарат
16 қаңтар 2024 ж. 179 0