Мәметов Силанның сүйегін ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскери-көлік ұшағымен туған жеріне жеткізді

Силан Мәметов 144-ші атқыштар дивизиясының 785-ші атқыштар полкінің сапында соғысқан. 1941 жылы 7 қарашада Мәскеу түбіндегі Апалщино селосы үшін шайқаста қаза тапқан екен. Сүйегі Мәскеу облысы Руза ауданы Ново-Горбово селосындағы бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылған. Силан соғысқа дейін Қызылорда облысында тұрған, үйленген. Өкінішке орай, тікелей ұрпағы мен туыстары табылмады.
Дегенмен, елі үшін жанын қиған атамыздың сүйегін туған жері Қазалы ауданының әкімдігі барлық жөн-жоралғысымен жерледі.
Сондай-ақ, шара барысында «Атамның аманаты» ҚБ облыстық өлкетану музейіне С.Мәметовтың жеке заттары – солдат каскасы мен медальонын да табыс етті.

