Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің оңтүстігінде күн суытады

Елдің оңтүстігінде күн суытады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың билігінде болады, соның әсерінен қатты жауын-шашынды болады, солтүстік өңірлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде ылғалды қар мен жаңбыр, боран соғып жел күшейеді.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар, көктайғақ, тұман болады. Республиканың батыс жартысында ғана Батыс антициклоны басым болуынан, ашық, аязды ауа райы сақталады.

Елдің басым бөлігінде температуралық фонда елеулі өзгерістер болжанбайды, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13-ке дейін, таулы аудандарда 18-23 аяз, күндіз 2-7-ге дейін, таулы аудандарда 10-15 аяз төмендейді.

Фото: ашық дереккөз 
24 қаңтар 2024 ж. 214 0