25 қаңтарға арналған күн райы болжамы
«Қазгидромет» РМК қаңтардың 25-не жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктер мәліметіне сәйкес, қаңтардың 25-і күні Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Осыған байланысты күн құбылмалы болады.
Елдің оңтүстігінде жауын жауып, тау және таулы аудандарда нөсерлетеді, қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран болады, елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болды.
Фото: ашық дереккөз