Қала аумағының тазалығына салғырт қарағандар айыппұл төлейді

Қазіргі таңда Арал қаласында арнайы тазалық қағидаларының сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шара барысында Аудандық полиция бөлімі тарапынан белгіленбеген орындарға қоқыс тастау және қоғамдық орындарды ластау дерегімен анықталған тұрғындарға "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 434-2 бабымен хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Тазалықты сақтау бағытындағы рейдтік іс-шаралары тағыда жалғасатын болады.
Барша қала тұрғындарын туған жеріміздің келбетіне бей-жай қарамай, тазалық сақтауға шақырамыз!
(Арал қаласы фейсбук парақшасынан алынды)