Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұрғындарды 2,9 млрд теңгеге алдаған ер адам ұсталды

Қызылордада тұрғындарды 2,9 млрд теңгеге алдаған ер адам ұсталды

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

"Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік кредитін рәсімдегені анықталған. Барлығы 235 адам зардап шекті, оларға 2,9 млрд теңге залал келтірілген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: sputnik.kz
02 ақпан 2024 ж. 221 0