Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек?

Грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек?

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев дәл осы сұрақты қоятындар көп екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол жылда қайталанатын сұраққа арнайы әлеуметтік желіде жауап берді. Оның айтуынша, «Грантқа өту балы» деген болмайды. Үміткердің грантқа түсу не түспеуін тек грант конкурсы ғана анықтайды.

- Сіздердің грантқа түсу немесе түспеуіңізді тек грант конкурсы анықтайды. Ал оның нәтижелері конкурсқа қатысушылардың санына және жинаған балына байланысты. Сондықтан грант конкурсына қатыспай жатып, сізге ешкім қанша балмен грант иегері атана алатыныңызды айта алмайды. Бірақ сіздерде кем дегенде бағдар болу үшін былтырғы түлектердің грант нәтижесін қарап шығуға кеңес беремін, – деп жазды Руслан Емелбаев.

ҰТО басшысы мысал ретінде 2023 жылғы грант конкурсын келтірген.

- 2023 жылы «Стоматология» мамандығы бойынша бір гранттық орынға 22 адам үміткер болған. Яғни, 20 грантқа 440 адам өтініш берген. Грант ұтып алғандардың ең төменгі көрсеткіші 130 балды, орташа көрсеткіші 131 балды құраған, – деді Руслан Емелбаев.


Фото: ​egemen.kz​​​
05 ақпан 2024 ж. 218 0