Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Педофильдер мен лаңкестердің елімізге кіруіне тыйым салынады

Педофильдер мен лаңкестердің елімізге кіруіне тыйым салынады

Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Заң негізінде кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелеген, осындай әрекеті үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне және ел азаматтығын алуға шектеу қою ұсынылды.

Сонымен қатар құжатта экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

Фото: ашық дереккөз 
14 ақпан 2024 ж. 207 0