Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдіктерді тіркеудегі өзгерістер

Шетелдіктерді тіркеудегі өзгерістер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ішкі істер органдарында шетелдіктерді уақытша тіркеуді жою мәселесін пысықтады. Жыл басында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сай, түзетулермен ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді жою көзделген. Сондай-ақ елімізде тіркеусіз болуына немесе тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмағаны үшін әкімгершілік жауапкершілікті болдырмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасында 30 тәуліктен астам болатын шетелдіктер уақытша болуға арналған рұқсатты рәсімдеуі қажет. Бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.
Шетелдіктердің келуі болуы және уақытша тұруына арналған рұқсатты рәсімдеуі туралы ақпрат үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі. Қабылдаушы алаңдарда шетелдіктерді уақытша болуы оларды хабарлау тетігі қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны туралы» Заңмен көзделген. Хабарлау рәсімі автоматтандырылған және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық көші-қон порталы арқылы іске асырылады.

Е.Жанжігітов,
Арал ауданының полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция майоры
14 ақпан 2020 ж. 451 0