Бүгін елімізде қатты аяз күтіледі
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 22 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, көктайғақ және қар күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Қарағанды облысының шығысында -40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градусқа дейін өте қатты аяз сақталады, Абай ауданында -35-40 градус, таулы аймақтарда қатты аяз болады. Жетісу облысында -27 градусқа дейін аяз күтіледі.

Фото: ашық дереккөз