Елімізде коронавирустың екінші толқыны бола ма?

Zakon.kz мәліметінше, Есмағамбетова вирустық аурулар көбіне қай уақытта өршитінін айтты.
Негізінен жіті-респираторлық вирустық инфекциялардың екі рет өршуі байқалады. Бұл - қараша-желтоқсан айлары, сосын қаңтардың соңы мен ақпанның басы. Қаңтардың аяғы мен ақпанның басына дейін сырқаттанушылықтың өсімі 10% шамасында болды. Жалпы соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі төмендегенін атап өту керек, - деді Есмағамбетова.
Бас санитардың сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымына сәйкес халыққа вакцина салдырудың қажеттігі жоқ. Қазір коронавирустан тек егде жастағы адамдарға ғана екпе салынып жатқанын айтты.
фото: azattyq-ruhy.kz