Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тұмау өршіп тұр

Елімізде тұмау өршіп тұр

Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ел аумағында эпидемиологиялық маусым әлі аяқталған жоқ.

Республикада жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау бойынша эпидемиологиялық маусым жалғасып жатыр. Эпидемиологиялық маусым басталған 2022 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 2,9 млн жағдайы және тұмаудың 3 009 жағдайы тіркелді, - деп атап өтті вице-министр.

Белгілі болғандай, сырқаттанушылар саны былтырғыға қарағанда көбейген.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқаттанушылық 20%-ға өсті. Былтыр осы кезеңде ЖРВИ-дің 2 315 525 жағдай тіркелген еді. Бірақ желтоқсан айымен салыстырғанда қаңтарда сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Аурудың көп өсуі Қарағанды облысында байқалып отыр. Аталған өңірде ауру 40 пайызға дейін өсті. Жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау маусымы жыл сайын қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Биыл маусым тұмау вирусының ерте айналымда болуымен ерекшеленеді, бүгінгі күні тұмаудың 2 түрі А (А(H3N2), А(H1N1) және В түрлері кездеседі, - деді Айжан Есмағамбетова.
23 қаңтар 2023 ж. 271 0