Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 108 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылордада 108 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімі тарапынан былтыр барлығы 108 аудиторлық тексеру жүргізілген. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкесті аудиті бөлімінің басшысы М.Есенбаев хабарлады.

«Аталған тексеру нәтижесімен 43 млрд. 452,9 млн. теңге қаражат қамтылып, құрылыс, жалпы сомасы 39млрд. 236,4млн. теңгеден астам заңсыздық анықталды. Атап айтқанда, бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 38млрд.625,6млн. теңгені құрап, жүргізілген қаржылық ден қою шаралары нәтижесінде 30 млрд. 835,4 млн. теңге бюджетке қайтарылып, қалпына келтіріліп және тиісті есептіліктерде көрсетілді.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 108 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 18 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылды. 2,8 млн. теңге айыппұл бюджетке өтеліп, анықталған заңсыздық бойынша тиісті шешім қабылдау үшін аудит нәтижелері құқық қорғау орындарына жолданды», - деді бөлім басшысы.

Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: tolqyn.kz
23 ақпан 2024 ж. 247 0