Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 ақпанда республиканың тоғыз өңірінде боран соғады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматы, Шымкент, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы жерлерінде боран соғады.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен 26 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.

Ақпарат көзі:baq.kz
Фото: ашық дереккөз 
26 ақпан 2024 ж. 180 0