Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылы Рамазан айы 11 наурыздан басталатынын хабарлап, пітір садақасының мөлшерін белгіледі, деп жазады Egemen.kz.

Мүфтият биылғы пітір садақасының мөлшерін екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге деп бекітті.

Былтыр пітір-садақа мөлшері 530 теңге болған еді.

Дін ғалымдары пітір садақасын айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал дейді.

Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейінгі аралықта беруге болады. Көптеген адам соңғы күні пітір садақа беруді ұмытып, уақытынан кешіктіріп жатады. Сондықтан Рамазан айының ішінде де пітір садақасын беруге болады.


Фото: egemen.kz
04 наурыз 2024 ж. 111 0