Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық семинар-сабағы өткізілді

Құқықтық семинар-сабағы өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал ауданының бөлімінде 2024 жылдың наурыз айының 05-і күні,  Арал ауданының білім бөліміне қарасты №62, №63, №64, №66, №262 және №283 орта мектептерінің, Арал аудандық "Жазира" балабақшасы есепшілері және кадр қызметіне жауапты мамандардың қатысуымен Арал ауданы әкімдігімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес құқықтық семинар-сабағы өткізілді.
Құқықтық семинар-сабағында мемлекеттік қызмет алушылар жүктілігі бойынша жәрдемақы және зейнет асына жақындаған азаматтардың әуре-сарсаңға түсірмей, мекемесінде жұмыс жасау кезінде уақытылы құжаттарын дайындап базаға енгізу, есепшілердің әлеуметтік аударымдарын толық және уақытылы аударудың жауаптылығы мен маңыздылығын түсіндірілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің басшысы Е.Ашықбаев мекеме басшыларына әлеуметтік аударымдардың дұрыстығын қатаң бақылауға алып, басты назарда ұстау қажеттілігі ескертілді.
Алдын-алу шаралары ретінде екі жақты жұмыс жоспарының өзектілігіне тоқталып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Айбек НЕТАЛИН
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің жетекші маманы
05 наурыз 2024 ж. 221 0