Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық семинар сабағы өткізілді

Құқықтық семинар сабағы өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал ауданының бөлімінде 2023 жылдың қараша айының 08-і күні, Арал ауданының білім бөліміне қарасты №62, №60, №262, №82, №177, №19, және №237 орта мектептерінің директорлары, есепшілері және кадр қызметіне жауапты мамандардың қатысуымен Арал ауданы әкімдігімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес құқықтық семинар-сабағы өткізілді.
Құқықтық семинар-сабағында мемлекеттік қызмет алушылар жүктілігі бойынша жәрдемақы және зейнет асына жақындаған азаматтардың әуре-сарсаңға түсірмей, мекемесінде жұмыс жасау кезінде уақытылы құжаттарын дайындап базаға енгізу, есепшілердің әлеуметтік аударымдарын толық және уақытылы аударудың жауаптылығы мен маңыздылығын түсіндірілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің басшысы Е.Ашықбаев мекеме басшыларына әлеуметтік аударымдардың дұрыстығын қатаң бақылауға алып, басты назарда ұстау қажеттілігі ескертілді.
Алдын-алу шаралары ретінде екі жақты жұмыс жоспарының өзектілігіне тоқталып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Даулетияр Ермаханов,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал ауданының бөлімінің бас маманы
09 қараша 2023 ж. 354 0