Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемде үнемі шаршаңқы болып жүресіз бе?

Көктемде үнемі шаршаңқы болып жүресіз бе?

Маусымдық күйзеліс кезінде адам энергиясы төмендегенін сезінеді, ұйқыға қатысты проблемалары пайда болады. Бұл туралы дәрігер Павел Бережанский айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бережанский маусымдық депрессия әдеттегі күйзелістен симптомдардың ұзақтығымен ерекшеленетінін жеткізді. Егер жаман көңіл күй мен апатия ұзақ уақыт кетпесе, дәрігерге бару керек екен. Сондай-ақ, симптомдар жоғалып, бірақ біраз уақыттан кейін қайта ауыр түрінде пайда болса да, маманның кеңесіне жүгіну қажет.


Маман депрессияның кейбір белгілерін өздігінен жеңілдетуге болатынын айтады. Ол үшін дәрігер жиі таза ауада жүруге, тіпті бұлтты күндерде де серуендеуге, жақын адамдармен араласуға және жиі күлуге кеңес береді. Сондай-ақ, бір уақытта ұйықтап, ояну да пайдалы. Бұл ритмді реттеуге және гормондарды жақсартуға көмектеседі.

Сонымен қатар, маман рационға Омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарды қосуға кеңес берді. Оларға теңіз балығы, майшабақ, скумбрия, лосось, теңіз өнімдері, сондай-ақ, жаңғақ, зығыр майы және авокадо жатады. Маманның пікірінше, дәрумен ішу және спортпен шұғылдану көктемгі күйзеліспен күресуге көмектеседі.

Фото: ашық дереккөз 


10 наурыз 2024 ж. 301 0