Жемқорлықсыз болашақ қалыптастыру маңызды

Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз. Әрбір қоғамның даму барысында күнегей жоғымен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономиканың жоғарғы деңгейге жетуін, халықтың демографикалық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде, басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитеттің қалыптастырылуына оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұрпақтың санансында жемқорлыққа деген төзбеушілік сезімін оятуымыз керек. Ел ертеңін қалыптастыратын жалынды жастар ретінде, аманаттың ауыр жүгін арқалай отырып, санаға серпіліс, қоғамға өзгеріс орнатайық.
Б.Қанатбаева,
Арал аудандық мәдениет үйінің аға әдіскері