"Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді
Арал ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 4 наурызында республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Сайысқа қатысушылар 5 бағыт бойынша шығармашылық қабілеттері мен өз өнерлерін танытты. 
1-бағыт: «Бейнелеушілер». Комикс жанрында әдеби шығарма бойынша сурет салу байқауы; 
2-бағыт: «Жас қаламгерлер». Берілген тақырыптардың біріне сюжетке құрылған новелла, әңгіме жазу байқауы; 
3-бағыт: «Білгірлер бәйгесі». Жұмбақ шешу, мақал-мәтелдерді жалғастыру; 
4-бағыт: «Сөз шеберлері». Берілген тақырыпқа шешен сөйлей білу; 
5-бағыт: «Әнші-бұлбұлдар». Дәстүрлі және эстрадалық әндерді орындау байқауы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша әр бағыттан І орын алған №81 орта мектеп оқушылары Қуанышова Әлия мен Алмасбекқызы Аяжан, №71 орта мектеп оқушысы Алдабергенова Айша, №263 орта мектеп оқушысы Сәрсенбай Гүлбақыт, №220 мектеп оқушысы Әбдіқалықова Мерей осы сайыстың облыстық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаз оқушыларымызға СӘТТІЛІК пен ЖЕҢІС тілейміз!

Арал аудандық білім бөлімі 
		





		
		



