Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мерген ару – 2024" аудандық сайысы өткізілді

"Мерген ару – 2024" аудандық сайысы өткізілді

Кеше мерген қыздарымыз «Мерген ару - 2024» аудандық сайысында бас қосып, кім мықтыны анықтады. №64 орта мектебінде өткізілген бәсекеге 7 команда қатысып әскери қолданбалы спорттың 7 түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, «Пневматикалық мылтықтан №8 нысананы 10м қашықтықтан ату», «Plink» жылдамдыққа нысана ату», «АК-74 оқу қаруының оқжатарын 30 патронмен жарақтау», Норматив №4А «Жалпы әскери қорғаныс жинағын плащ түрінде кию», Арқада жатып кеудені көтеру, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Алғашқы медициналық көмек көрету сайыстары.
Нәтижесінде ептілігімен көзге түсіп, өзге қарсыластарынан оқ бойы озық болған мерген аруларымыздың есімі анықталды. Олар: Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының оқушысы Аяжан Елубаева, №231 орта мектебінің оқушысы Іңкәр Шоумен, №260 орта мектебінің оқушысы Жанерке Жақсатова, №71 орта мектебінің оқушысы Ақманат Қайратқызы, №57 орта мектебінің оқушысы Диана Сәуренова, Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебінің оқушысы Мадина Қарабекова.

Сондай-ақ командалық есепте №71, 83, 262 мектеп командалары бірінші орынды иеленсе, №177, 231, 283 мектептің оқушылары екінші орынды қанағат тұтты. Ал №57,59 мектептің оқушылары үздік үштікті қорытындылады.
Жарыс жеңімпаздары сайыстың облыстық кезеңінде өнер көрсетіп, аудан намысын қорғайтын болады. Сондықтан мерген аруларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыс жолдарына сәттілік тілейміз!
Айта кетейік аталмыш сайыс Арал ауданы бойынша білім бөлімі, мәдениет және спорт бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы мен облыстық әскери спорттық клубтарының федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен болатын.

Арал аудандық білім бөлімі 
21 ақпан 2024 ж. 1 499 0