Аралдық мұғалімдер облыстық жарыста бас жүлде еншіледі

Жарысқа 7 аудан және Қызылорда қаласынан 50 ден аса мұғалім команда бойынша сайыстың 8 түрінен қатысты.
Атап айтар болсақ, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондарымен жарақтау, пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату, команда жетекшілері сайысы, пневматикалық винтовкадан нысанаға ату, белтемірге тартылу, арқан тарту,командалық кросс түрлері бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте оқ бойы оза шыққан Арал ауданы "Сұңқар" құрама командасы қарсыластарына дес бермей жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарына Облыстық білім басқармасы мен Қызылорда облысының Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының арнайы кубогымен дипломдарымен марапатталды.
Аудандық «Сұңқар» командасын жүлделі жеңісімен құттықтаймыз!