Әйелдер арасында мылтық атудан жарыс өтті
8-Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Кубогына арналған Макаров тапаншасынан атудан жарыс өтті.
Бүгін, 4 наурыз күні 8-Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Кубогына арналған құқық қорғау органдарының қыз-келіншектер арасында ПД-нің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың спорт кешенінде Макаров тапаншасынан атудан жарыс өткізілді. Жарыс ПД Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасымен ұйымдастырылды.
Жарысқа 16 команда қатысты, Полиция департаментінен 3 құрама команда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан 5 құрама команда, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрама командасы, аудандық полиция бөлімдерінің құрама командалары қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
Айта кетерлігі, бұл доданың бас жүлдесіне Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының арнайы кубогы тігілді.
Жарыс өтіп, қатысушылар өзара мықтыны анықтады. «Жеңіске деген жігері үшін» деген дипломмен Қызылорда қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция майоры Сағнадинова Айымкүл марапатталды.
Нәтижесінде 1 орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың құрама командасы иеленсе, 2-ші орынды Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің құрама командасы жеңіп алды, ал 3-ші орынды Қазалы аудандық полиция бөлімінің құрама командасы алды.
Жарыста жекелей сынға түскен қыздар арасында І орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы полиция подполковнигі Самратова Бақыткүл жеңіп алды. ІІ орынға Қазалы АПБ-нің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Бегалиева Махаббат және ІІІ орынға Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжолова Гүлнар ие болды.
Жеңімпаздарға «Динамо» ДШСҚ спорттық киімі, Куботар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі