Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздер – ел айбары

Рәміздер – ел айбары

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай аудан әкімдігінің фойесінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас маманның ант қабылдау рәсімі өтті. Аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Айдос Қошқарбаев өзіне жүктелген қызметін адал атқаруға салтанатты түрде ант берді. Ант қабылдау рәсіміне Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрмұхамет Бохаев қатысып, мемлекеттік қызметке қабылданған маманға куәлік тапсырды.
* * *
«Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы». Осындай атаумен Арал аудандық полиция бөлімінің ұжымы мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шарасын ұйымдастырды. Аудан орталығындағы «Рәміздер» алаңында өткен шара барысында аудандық полиция бөлімінің сарбаздары сап түзеп, көк туды көкке көтеріп, салтанатты түрде тұғырға орнатып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Мемлекеттік Гимн орындалды.
Салтанатты шарада сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталып, ұжымдастарын айтулы мерекемен құттықтады.
* * *
4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері күніне орай №3 Арал аудандық өрт сөндіру бөліміне жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Аталған шараға Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараев және аталған департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық-қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов, бөлімнің ардагерлері Қ.Тілеулиев пен Ж.Ерімбетов қатысып, жас мамандардың қызметіне сәттілік тіледі.
Салтанатты жиында 21 жас өрт сөндіруші адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті ұлт байлығын, қоршаған ортаны қорғауға ант берді.
06 маусым 2020 ж. 832 0