Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен комиссия отырысында алдымен сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев:– Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі. Біз қашан да оларға құрметпен қарауға тиіспіз. Бүгінгі отырыста Мемлекеттік Рәміздердің бақылау жұмыстары мен нетижелері, алдағы міндеттер жайын сөз қыламыз, – деді.
Комиссия отырысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Марат баяндама жасады.
– «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 1-бабына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылуына орай ағымдағы жылы Мемлекеттік Рәміздерге аудандық бюджеттен 5 млн тг қаржы бөлініп, 39 дана Елтаңба және 8 дана Мемлекеттік Ту Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес ашық конкурс тәсілімен сатып алынды.
Сонымен бірге аудан жастарын отансүйгіштікке баулу, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне тиісті қаржы қаралып, осы қаржының көлемінде Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау шараларына арнайы лот белгіленіп, Мемлекеттік Рәміздерді насихаттауға бағытталған патриоттық және спорттық шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, ауданда орналасқан мемлекеттік мекемелерге ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Мемлекеттік Рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуы жайында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында біршама кеткен кемшіліктер анықталды, – дей келе бірқатар мекемелердің тарапынан кеткен олқылықтар мен желдің нәтижесінде орын алған кемшіліктерді атап өтті.
Кешкілік уақытта мекемелерге тігілген Тудың жарықтандыру жұмысында да кемшілік кеткен мекемелер жұмысы тілге тиек етіліп, осыған орай, барлық мемлекеттік мекеме басшыларына мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, Заң талаптарының бұзылмауын ұдайы назарда ұстауларын айтты.
Содан кейін аудандық мәдениет саласындағы мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталуы туралы аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Б.Төрахметовтың баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған түрлі іс-шаралар айтылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Б.Сыздықовтың да хабарламасында жалғасын тапты.
Отырыс соңында аудан әкімі М.Оразбаев осы уақытқа дейін орын алған олқылықтардың орындалуы мен кеткен кемшіліктердің шешімін табуына баса назар аударып, жөнделмеген жағдайда жаза қолданылатынын ескертті. Жауапты тұлғаларға алдағы уақытта атқарылатын істер жөнінде тапсырмалар беріліп, жақын арада қолға алынуын тапсырды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
03 тамыз 2019 ж. 1 328 0