Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күніне орай №3 Арал аудандық өрт сөндіру бөліміне жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында ант қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты шара барысында барлығы дерлік Мемлекеттік Туға назарларын бұрып, Мемлекеттік Гимнді нақышына келтіре орындады.
Аталған шараға Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараев және аталған департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық-қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов, бөлімнің ардагерлері Қ.Тілеулиев пен Ж.Ерімбетовтар қатыстысып, жас мамандардың қызметіне сәттілік тіледі.
Ант қабылдау рәсімінде аудандық бөлімге жаңадан қабылданған 21 жас өрт сөндіруші адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті ұлт байлығын, қоршаған ортаны қорғауға салтанатты түрде ант берді.
04 маусым 2020 ж. 789 0