Ұлттық ойыннан аудан біріншілігі өткізілді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін педагогтар мен оқушылар арасындағы «Алтын асық» аудандық біріншілігі биылда жалғасын тапты. ХІІ-рет жалауын желбіреткен дәстүрлі додаға аудан мектептерінен 11 команда қатысып өзара сынға түсті. Жарысқа жиналған әр команда 2 мұғалім(1-ер, 1-әйел) және 2 оқушыдан(1-ер, 1-қыз) жасақталды. Ептілік, шапшаңдық және мергендікті талап ететін сайыстарда ер мұғалімдер мен оқушылар асық атудан сынға, қыздар бес асықтан бақ сынады. Нәтижесінде:
Жекелей бағдарлама бойынша:
Мұғалімдер арасында асық атудан
І орын - №220 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қармысбаев Қуаныш
ІІ орын – Ж. Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Орынбасаров Нұрхан,
ІІІ орын - №61 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жиенбаев Жарас.
Мұғалімдер арасындағы бес асықтан
І орын – Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нағашыбаева Айнур
ІІ орын - №220 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Жансүгірова Айғаным
ІІІ орын - №61 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сайлауова Сымбат.
Мектеп оқушылары арасында асық атудан
І орын – Ж. Әбдірашов атындағы 62 мектеп-лицейінің оқушысы Беймағанбетов Мақсат
ІІ орын - №19 орта мектептің оқушысы Амангелдиев Данияр
ІІІ орын -№220 орта мектептің оқушысы Болатұлы Ернар
Мектеп оқушылары арасында бес асықтан
І орын - №61 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жақсылықова Әсем,
ІІ орын – Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің оқушысы Орнықбаева Наргиз
ІІІ орын - №220 орта мектептің оқушысы Атабек Мерей
Жалпы командалық есепте:
І орын - №220 орта мектеп командасы
ІІ орын – Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейі командасы
ІІІ орын – Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп командасы
