Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде аяз болады

Алдағы үш күнде аяз болады

Қазақстанға көктем келсе де, аяздың беті әлі қайтпай тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендейді. Мәселен, республиканың солтүстік жартысында түнде -7-18°С, күндіз -6+6°С болады, оңтүстік жартысында түнде 0-10°С, күндіз +3+18°С дейін жылы болады.

«Алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, оның әсерінен елімізде жауын-шашын болады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, 21 наурыз түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурыз күндіз, 20-21 наурызда Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

«20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың барлық аумағында, солтүстікте және орталықта жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Фото: ашық дереккөз 
18 наурыз 2024 ж. 255 0