Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ел аумағында күн суытады

Алдағы күндері ел аумағында күн суытады

Синоптиктер 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты. Болжам бойынша, ел аумағында жауын-шашын мол болып, күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, батыста ауа температурасы түнде +2 + 7 ° C дейін, күндіз + 7 + 15 ° C дейін, солтүстікте және солтүстік-батыста күндіз + 7 + 15 ° C дейін төмендейді. Республика орталығында түнде -7-13°С, күндіз -2+3°С, шығыста түнде -10-22°С, күндіз -5+3°С, оңтүстік облыстарда түнде 0+5°С, күндіз +3+13°С дейін төмендейді.

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. 31 наурыз - 1 сәуір аралығында батыста қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың шығысында және оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. 31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен солтүстік бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді», делінген Қазгидромет хабарламасында.
29 наурыз 2023 ж. 383 0