Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыздың құндылығын құдайдың өзі көтеріп қойған

Қыздың құндылығын құдайдың өзі көтеріп қойған

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі.Қазақ халқы қыз баланы мәпелеп,аялап,қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсірген.Жаныны тазалық пен нәзіктікті сіңдірген.«Ұл- түтін,қыз күтім»деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп,жорғаны мінгізген.Үйдің оң жақ төріне отырғызған. «Керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп  өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген,жат қылық көрсетпеген.«Бақыты байланады,жолы кесіледі» деп қызға қол көтермеген.Тіпті отырған қыздың аяғын аттамаған.Мұны кесір деп түсіндірген.Өйткені,еркектің де,әйелдің де тарайтын түбі-қыз.Оң жақта отырғанда жүз жігіттің арманы болса да,қызға бір азаматтың адал жан жары болу парыз етілген.Ата-ана,аға-туыстары қыз баланың тәрбиесіне өте берік болған.Өйткені қыз отбасының айнасы,ұйытқысы.Қыз жат-жұрттық болғандықтан,барған жұрттың жүзін жерге қаратпайтындай етіп өсірген.«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» дегендей.Қыз баласы отбасында көрген тарбиені,жат-жұртында да,көрсетеді деп білген.Сол үшін қазақ жұрты,қыз тәрбиесіне қатты мән берген.Бүгінгі қыз,ертеңгі ана деген ұғымды ешкім жадынан шығармаған.Әлемге әйгілі ғалымды да,батырды да өсіретін осы әйел заты.Сол себепті олардың бойларына ерекше күш пен даналық берген.Ақыл мен парасат,шыдамдылықты сіңірген.Отбасы мүшелері қыз тағдыры-қатал сын болғандықтан,олардың шалыс баспауына,сөз болып,өсек-аяңның ортасында қалмайтындай етіп өсірген.Өресі мен ақыл ойы биік ер азаматқа аманаттаған.Қыз өз үйінде көрген құрмет пен сыйластықты көрсетер жанды таңдаған.Ал қазір ше?
«Әйел - бесік иесі» демек әйелдің жайы түзелмей,бесігіміз түзелмейді. Сол ұлттың ұрпағын жалғар саналы азамат пен азаматшаның аяулы анасы міне осы әйел заты.
«Әйел затының құндылығын,Құдайдың өзі көтеріп қойған».
Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті
27 наурыз 2024 ж. 364 0