Қызылордада адасып қалған 4 жасар бала аман-есен табылды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге бағытталды. Баланы барлық жерден іздеген полицейлер, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан. Отбасының жақында тұрғылықты мекен-жайын өзгерткені белгілі болды. Ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің іс-әрекетінің нәтижесінде кәмелетке толмаған бала табылды. Ол анасына аман-есен тапсырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ақпарат көзі: smi24.kz
Фото: kaz.inform.kz