Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз шәкіртімен мақтаулы

Ұстаз шәкіртімен мақтаулы

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осындай ұстаздардың бірі де, бірегейі тарихы бір ғасырға жуық, тамырын тереңге жайған, №20 Зейнолла Шүкіров атындағы орта мектебінде ұстаздық жолда тапжылмай еңбек етіп келе жатқан, ұлағатты ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрғалиева Саягүл апайдың тәрбиелеген талантты шәкірттері биік шыңдардан көрініп жүр.
Ұстаздық жолындағы Саягүл апайдың педагогикалық философиясы қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан тәніңмен ғана сезіне аласың. Мектеп қабырғасында 25 жыл еңбек етіп, бұл еңбектен әсте жалыққан емес. Мұғалімнің жұмысы қиясы мол ер, тамшылаған тер.
Саягүл апай мектепте 8-11 сынып оқушыларды жинап «дебат алаңын» құрушы ретінде жүйелі жұмыстар жүргізіп, оқушылардың сөз мәнерін қалыптастыруға, өз пікірін еркін жеткізе алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуде. Мектеп тренері ретінде мұғалімдерге кәсіби қолдау білдіріп, ақыл-кеңестерін аямай, түрлі бағыттағы педагогикалық жарыстарға шақырып, әріптестерінің беделін көтеруде өз үлесін қосып келеді. Апайымыздың шәкірттері де өзі сияқты алғырда, тапқыр оқушылар. Оқушылар облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде әдеби алаңдарда, мүшәйраларда бақ сынап, жүлделі орындармен марапатталып мектебіміздің атын шығаруда.
Алпамыс Ержігіт жыр мүшәйраларында жүлделі орындармен және аудандық Төлеген Айбергенов оқуларында бірінші орындармен марапатталды. Сая оқушымыз лингвистикалық олимпиада да топ жарып 3-орынды иеленіп, аудандық «эссе жазу» жарыстарында жүлделі орын алып, облыстық байқауға жолдама алды.  
 Оқушының қандай да бір жетістігі болса, ол ең әуелі ұстазымен жасаған жұмысының арқасы. Жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен болатын аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға шәкірттер дайындауда еш аянып қалған емес және де жүлделі орыннан көрініп келеді. Жетекші үміт артқан оқушылар өз нәтижелерін көрсетіп, білімдерін дәлелдеп шығуда. Биыл да ұстазымыздың оқушылары пән олимпиадаларында жүлделілердің қатарынын ойып орын алып келеді. Үлгілі мектептің көрсеткен өнегесі көп ақ. Республикалық, облыстық, аудандық білім сынағындағы сайыстардан жеткен толассыз марапаттар бар жеңісінің жемісі іспеттес, яғни енбегінің еленгені деп білеміз.
Ж.Құлмамбетова,
№20 мектеп мұғалімі

21 сәуір 2024 ж. 100 0